Архив событий

15/09/2017

Атырау облыстық соты «Инновациялық жобаларды үздік қолдаушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

15/09/2017

Атырау облыстық сотында ақпараттық алмасу бөлігінде құрылымдық ынтымақтастықты жақсарту мақсатында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының, жеке сот орындаушылар аймақтық палатасының, Атырау облысы бойынша Әділет Департаментінің өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

15/09/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Болашақ гуманитарлық-техникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 1 курс студенттерінің қатысуымен ашық есік күні шарасы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.Жақсығұлова ашық есік күні халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сот азаматтың конституциялық құқығын қорғады

15/09/2017

Атырау облысының ішкі істер департаментіазамат Н.К. психикалық аурумен ауруына байланысты оның көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы сотқа талап арыз берген.

Сотта Н.К. 2001 жылы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» дертімен есепке алынғаны, кейін емделіп, толығымен жазылуына байланысты дәрігерлік комиссияның 2017 жылғы 31 тамыздағы қорытындысы бойынша диспансерлік есептен шығарылғаны анықталды.

Тұрмыстық қалдықтарды лақтырғаны үшін қамаққа алынды

15/09/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Ч.В.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқықбұзушы Ч.В. Махамбет ауылындағы Абай көшесінің бойына бір пакет тұрмыстық қалдықтарды лақтырып, яғни қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.           

Сотта құқықбұзушы кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін айтты.