Архив событий

20/09/2017

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

20/09/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

ТАӘ

Әңгімелесу күні

Атырау қалалық сотында судьялар және сот мамандарымен семинар өтті

20/09/2017

Атырау қалалық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен азаматтық істер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғанғы Сотының Нормативтік Қаулыларын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу» туралы Заңын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне енгізілгенсоңғы өзгерістер талқыланды.

Семинарды Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов ашып, жүргізді.

Конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

20/09/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Доспанова Гульмира Таргиновна – Атырау облысының мамандандырылған экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына (С-R-1 санаты) – негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне;

Белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл тағайындалды

20/09/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азық-түлік дүкенінінің сатушысы азамат Б. сағат 23:10 шамасында бір дана «Белый Медведь» алкоголь өнімін сатқан.

Сот отырысы барысында ол өз кінәсін мойындап, келешекте бүұдай құқықбұзушылықты қайталамауға міндеттенді.

Қылмыстық істер жөніндегі сотта алқабилердің қатысуымен қылмыстық істің қаралуы басталды

20/09/2017

Дүйсенбіде Атырау облысының қылмыстық ісер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен сот процесі басталды.

Қылмыстық істі қарау үшін 12 алқабилер іріктелді, оның оны негізгі болып табылады, ал егер негізгі алқабилердің кейбірі жүктелген міндеттерді орындай алмаған жағдайға кездейсок екі алқаби таңдалған.

Барлық алқабилер ант қабылдады. Алқабилер отырысы жасөспірімге қатысты күш қолданып азғындық әрекеттер жасағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарайды.     

Жылыой ауданының тұрғыны өз бақшасында сора өсірген

20/09/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында өз үйінің бақшасында өсіруге тиым салынған сора дәндерін, яғни құрамында есірткі заттары бар дәндерді егіп, өсірген сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және 240 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.