Архив событий

21/09/2017

Ювеналдық сотта Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мереке қарсаңында «Сот іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары, Атырау қалалық білім бөлімі өкілдері, медиаторлар мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері, Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасы өкілдері қатысты. 

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін полиция қызметкері жазаланды

21/09/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жол полиция инспекторы лейтенант К.М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен азамат Д.Г.-ға қатысты істің қаралу барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтаған полиция инспекторы К.М. сот отырысында түсініктеме беру үшін сотқа шақыртылған.

Сот «Атырау ӘКК»-ның төрағасын үй қамаққа алды

21/09/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 361 бабының 4 бөлігімен, яғни лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану бойынша күдіктелген Атырау қаласының тұрғыны Т.А.-ға қатысты «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Мас күйде көлік жүргізгені үшін айыппұл

21/09/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың тамыз айында азаматша Н. жүргізуші куәлігінсіз алкогольдік масаң күйінде өзінің басқаруындағы «ВАЗ 21099» маркалы автокөлігін басқарып, Атырау қаласының Шманов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің қақпасына соқтығыс жасаған.

Сотта құқықбұзушы Н. өзінің кінәсін толықтай мойындады.

Бұрынғы жеңгесін балағаттағаны үшін айыппұл салынды

21/09/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, өндіріп алушы С. борышкер С.-дан алимент бойынша қарызды өндіру туралы талабымен жеке сот орындаушыға жүгінген.

Жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

21/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында жәбірленуші К.-ның үйіне заңсыз кіріп, оның мүлкін ұрлап, оған 500 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан жәбірленушімен медиация тәртібінде татуласуына байланысты аталған қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Сотта жәбірленуші сотталушының келтірілген материалдық заладың орнын толтырғанын айтып, қылмыстық істі қысқартуды сұрады.