Архив событий

25/09/2017

Қызылқоға аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/09/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылқоға ауданы әкімдігі, Миялы селолық округі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, Әділет басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жергілікті газет тілшілері қатысты.

Сот марихуана сатушыны 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды

25/09/2017

Атырау қаласының №2 сотында сотталушы М.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың сәуір айында сату үшін есіркі затын заңсыз сақтаған М.А. бүркеншік Г. есімді азаматқа заңсыз жалпы салмағы 0,8602 грамм болатын екі газет орамасына салынған есірткі заты марихуананы 5 000 теңгеге өткізген.

Сот отырысында сотталушы М.А. және оның қорғаушысы прокурормен кінәні мойындау туралы процестік келісімді жасақтаған.

Атырауда Өзбекстандық ерлі-зайыптылардың ішімдік ішуі қайғымен аяқталды

25/09/2017

Өзбекстан Республикасынан Атырау қаласына табыс табу үшін келген  Р.О. өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі Өзбекстан Республиксының азамашасы У.А. - мен бірге ішімдік ішіп, оның әйел адам бола тұра көп мөлшерде ішкенін сылтау қылып, аяусыз ұрған. Алынған ауыр дене жарақаттары салдарынан У.А. оқиға орнында көз жұмған.

Сот отырысында сотталушы Р.О. және оның қорғаушысы процестік келісім жасақтауға ниет білдірген.

Индер аудандық сотында гендерлік саясат мәселелері талқыланды

25/09/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында гендерлік саясат мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Э.Тулепбергенова, Индер аудандық ІІБ-нің өкілі инспектор А.Сейтказиев, қоғамдық-саяси «Дендер» газетінің өкілі журналист С.Базарбаев, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық істері жөніндегі комиссия хатшысы Ж.Тілепқалиева және сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Экономикалық сотта азаматтық іс сот медиациясымен аяқталды

25/09/2017

«Атырау» «Қоғамдық-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «АлмалыҚұс» ЖШС-нен 10 сәуір 2014 жылғы келісім шарт бойынша 5 050 852 теңге берешекті, 909 449 теңге сыйықыны, 3 322 749 теңге өсімпұлды, 15 желтоқсан 2015 жылғы келісімшарт бойынша 1 288 333 теңге берешекті, 201 711 теңге сыйақыны, 973 263 теңге өсімпұлды өндіру туралы талабымен жүгінген.

 Талап қоюшы арызында жауапкермен жоғарыда көрсетілген келісім шарттар бойынша өз міндеттемелері тиісінше орындалмайтынын көрсеткен.

Халықаралық келісімшарттардың ұлттық сот өндірісіндегі ролі

25/09/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Халықаралық құқық нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үтел өткізілді.

Шараға судья А.Куспанов, аға прокурор Б.Адилгалиев, адвокат Т.Жаксимбетов, кәсіби емес медиатор Б.Құнас, кеңсе меңгерушісі Э.Тулепбергенова және кеңсе мамандары қатысты.

Сот арнаулы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп танып, азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтірді

25/09/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында арыз беруші М.Б.-ның «Қызылқоға аудандық әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің аудан аумағында тұрып жатқан 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 09 мамыр кезеңінде, кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Экономикалық сот ЖШС-тің жерді пайдалану құқығын қалпына келтірді

25/09/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сүйіндік асыл тұқымды қой заводы» ЖШС-нің жауапкерлер «Құрманғазы ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ-не, Г.Диярова шаруа қожалығына, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ-на 2014 жылғы №55 жалдау шартын жарамсыз деп тану, 2014 жылғы 15 сәуірдегі уақытша жер пайдалануға құқық беретін актісін жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.