Архив событий

02/10/2017

Атырау қалалық сотының судьялары «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорына экскурсия жасады

02/10/2017

Атырау қалалық сотының судьялары Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорыққа барып, мұражаймен танысып, экскурсия жасады.

Сарайшық қаласы Ұлыс Жошының басқару мезгілінде салынған. Сарайшық қаласында ғажайып сарайлар, мешіттер, медреселер, моншалар болған. Сарайшық  Еуропа мен Азияның өткелінде салынған.

Мұражайда ежелгі Сарайшық қаласындағы қырындылар, оның макеті және де ғалымдардың археологиялық қазба жұмыстарымен жиналған экспонаттар жинағын көруге болады.

Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденгені үшін сотталды

02/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену болып табылатын қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталушы Р.М.-ға қатысты үкім шығарды.

Cотталушы Р.М. Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында орналасқан Тәуелсіздік саябағына барып, Шарон өзенінің жағалауында өсіп жатырған конопля түріндегі жабайы өсімдігін қолымен жұлып алып, өзімен бірге әкелген қара түсті полиэтилен пакетіне салып, жеке пайдалану мақсатында үйіне алып бара жатқан кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиациялық келісім негізінде тоқтатылды

02/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 тармағымен жұбайын балағаттап, жанжал шығарған азамат А.К.-ға қатысты істі қарап, келісім жасақталуына байланысты әкімшілік істі қысқарту туралы қаулы шығарды.

Сот отырысына дейін құқықбұзушы мен жәбірленуші медиациялық келісімге келіп, оның шарттары бойынша құқықбұзушы жұбайынан кешірім сұрап, ал жәбірленуші оны кешіріп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған.

Шетелдіктер қара уылдырықты тасымалдағаны үшін сотталды

02/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Франция Республикасының азаматтары Л.Р и Ш.М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұл адамдар Атырау қаласында бұрын танымайтын, сотқа дейінгі тергеу кезінде жеке басы анықталмаған әйелден салмағы 3,876 килограмм болатын шоқыр тұқымдас балығының уылдырығын, оны пайдалануға тыйым салынғанын біле тұра сатып алған.

Қызылқоға аудандық сотында «Гендерлік саясатты іске асыру - заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді

02/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының арасында гендерлік саясатты насихаттау жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында «Гендерлік саясатты іске асыру – заман талабы» тақырыбында семинар өткізілді.

Медиациялық келісім жасау арқылы отбасы сақталды

02/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы О.А.-ның  жауапкер А.Р.-мен арадағы некесін бұзу туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен аяқталды.

Соттың ұйғарымымен жауапкердің өтініші бойынша тараптарға татуласу мерзімі берілген. Бастапқыда талап қоюшы татуласуға қарсы болғанымен, белгіленген мерзім аяқталған күні жауапкермен медиациялық келісімге келуіне байланысты, талабынан бас тартып, істі медиация тәртібінде қарауды сұрады.

Жылыой аудандық сотының судьялары мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

02/10/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев және судья А.Балмуханова Абай атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты  - кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мен кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндіру.

Әкелікті анықтау жөніндегі дау медиация тәртібінде шешілді

02/10/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Медиация туралы» Заңды және даулардың жекелеген санаттары бойынша дау-жанжалдарды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны насихаттау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Судья Гизатолла Отарұлының төрағалық етуімен әкелікті анықтау және алимент өндіру жөніндегі азаматтық іс қаралды.