Архив событий

03/10/2017

Медиатор судьяның көмегімен отбасы сақталды

03/10/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Е.М.-ның жауапкер Д.Д.-ға араларындағы  тіркелген некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы өзінің талап арызында жауапкермен  араларындағы неке тіркелгенін, ортақ некеден араларында  кәмелет жасқа толмаған 2 баласы бар екенін, жауапкер отбасына,  балаларына  көңіл бөлмейтінін көрсетіп, некені бұзуды  сұраған.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдетуге жолданды

03/10/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотымен Мақат аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ КМҚК-ның сотқа жолдаған арызымен азамат У.С.-ның сараптама қорытындысына сай алкоголизмге шалдыққаны, емдетуді қажет ететіні, ерікті түрде емделуден жалтарғаны, наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қаралды .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы

03/10/2017

Атырау облыстық аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің ішкі талдау нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындысы (2017 жылдың 03 қазанындағы жағдайы):

-    Сот қызметін қозғайтын нормативтік- құқықтық актілері бойынша құқық бұзушылық туралы акпарат болмады;

-  Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша Атырау облысының аудандық және оған тенестірілген соттарының судьялары және сот қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;