Архив событий

10/10/2017

Тараптар медиация жолымен келісімге келді

10/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер Е.-ге неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш пайда болып, ол отбасылық ұрыс-керіске әкелген. Шектен шыққан жанжалдан талап қоюшы сотқа неке бұзу жөнінде талап арыз беруге мәжбүр болған.

Сотта тараптар судьяның дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ұсынысын қолдап, татуласуға ниет білдірді. 

Тас жолда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

10/10/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен азамат Е.О.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Е.О. 2017 жылдың тамыз айынша сағат 23.30 шамасында  Атырау-Индер тас жолында «Daf Хf 95» маркалы автокөлігін басқарып,  қауіпсіздік шараларын сақтамай, жылқы малдарын қаққан. Нәтижесінде  жәбірленуші Т.А.-ға материалдық залал келтірілген.

Алкогольдік ішімдік ішкені үшін қамаққа алынды

10/10/2017

Көптеген құқық бұзушылықтар мастықтың нәтижесінде жасалады.  Елімізде маскүнемдіктің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында тиісті заң нормаларындағы жауапкершіліктер қатаңдатылған. Аталған құқық бұзушылық түрі үшін жауапкершілік қатаңдатылғанымен бұл мәселе маңызды болып қала береді.

Соның бір мысалы, Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен қоғамдық орында мас күйінде жүріп, адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтірген У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік сотта Ашық есік күні өткізілді

10/10/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ашық есік күні өткізілді.

Тұрғындарды әкімшілік соттың төрағасы Ж.Жақсылық қабылдады.

Шара халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардыңқұқықтық мәдениетін және сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізілді.

Бұл күні көптеген қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ювеналдық сотта партисипативтік келісім бекітілді

10/10/2017

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында дауларды шешудің баламалы әдістері көзделген. Оның ішінде  партисипативтік келісім институттын  қолдануды атап өтуге болады.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  баласына қатысты әкелігін анықтау және алимент өндіру дауы бойынша азаматтық іс қаралды.

Экономикалық сотта дау татуласу келісімін жасақтаумен шешілді

10/10/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Кемежөндеуші» ЖШС-нің жауапкер Ж.У.Сагиндикова жеке кәсіпкерінен 1 567 633 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.