Архив событий

17/10/2017

Атырау облыстық сотында судьялармен семинар өткізілді

17/10/2017

Атырау облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған судьялармен семинар өткізілді.

Семинарды облыстық сот судьясы Оқу орталығының жетекшісі Г.Нұржігітова жүргізді.

Шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, қалалық соттың судьялары қатысты, ал шалғайдағы аудандық сот судьялары бейнебайланыс желісі арқылы қатысты.

Татуласу келісімі бекітілуіне байланысты іс қысқартылды

17/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің жауапкер С.А.-дан заңсыз алынған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы сомасын қайтару туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Атырау қалалық сотында ашық есік күні өтеді

17/10/2017

Атырау қалалық сотының төрағасы Алмат Нұрмұратұлы Ерманов 2017 жылдың 18 қазаны күні «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау мақсатында, «Сот кабинеті» ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндіру мен насихаттау мақсатында азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, ашық есік күні сотқа келушілер сот жүйесі жұмысымен таныса алады.

Ашық есік күні сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде сағат 09:00 - 18:30 аралығында өткізіледі.

Сотпен неке қатынастары сақталды

17/10/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 2017 жылдың 09 қаңтарынан бері некеде тұратынын, ортақ некеден бір баласы барын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан жауапкермен некесі жараспағанын көрсетіп, соттан некені бұзуды сұраған.

Сот отырысы барысында тараптар кәсіпқой емес медиатордың  көмегімен  медиациялық келісімге келіп, дауды бітімгершілікпен шешті.

Экономикалық сотта берешек сот бұйрығын шығару тәртібімен өндірілді

17/10/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Габбасова М.» жеке кәсіпкерінен «Спецавтобаза» ЖШС-нің пайдасына 34 290 теңге берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.

Өндіріп алушының талабы жазбаша мәмілеге, атап айтқанда тараптар арасында тұрмыстық қатты қоқыс қалдықтарын шығару және тасымалдау туралы шартына негізделген.

Шарт бойынша төлеу мерзімі келген, алайда борышкер өндіріп алушыға көрсетілген қызмет бағасы 34 290 теңгені  төлемеген.

Индер аудандық сотында ашық есік күні өтеді

17/10/2017

Атырау облысының Индер аудандық соты «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау, «Сот кабинеті» ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндіру мен насихаттау мақсатында 2017 жылдың 18 қазаны күні сағат 10:00 - 12:30 аралығында ашық есік күнін өткізеді.

 «Сот кабинеті» ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндіру мен насихаттауға байланысты сұрақтарымен Индер аудандық сотының төрағасы қабылдау жүргізеді.

Соттар әкімшісінің орынбасары соттардағы іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізу жұмыстарын жақсартуды тапсырды

17/10/2017

Атырау облыстық сотында соттар кеңсесі меңгерушілері мен қызметкерлерінің арасында облыс соттарында іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізу мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Шараға кеңсе меңгерушілері және соттардағы статистикаға жауапты сот қызметкерлері қатысты. Жиналысты Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Б.Жолдаспаева жүргізіп, «Сот кабинетінің» мобильді нұсқасының жұмысын кеңінен насихаттауға шақырды.