Архив событий

18/10/2017

Индер аудандық сотында семинар өткізілді

18/10/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында электрондық құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа беру тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Шараға  аудандық сот судьялары, аудандық прокуратураның, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Атырау облысы Индербор кенті әкім аппаратының өкілдері және сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Ювеналдық сот ашық есік күніне шақырады

18/10/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты  «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау мақсатында және «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндірумен насихаттау және баяндау мақсатында азаматтарды ашық есік күніне шақырады.

Өтетін орны мен уақыты: 2017 жылдың 19 қазаны сағат 15.00, сот ғимаратында - Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 140 үй, 4 қабат.

Атырау облысы соттарында ашық есік күндері өтті

18/10/2017

Атырау қалалық сотында төраға А.Ермановтың басшылығымен ашық есік күні өтті.

Бұл күні төраға «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық жүйесін қолдау, «Сот кабинеті» ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндіру мен насихаттау мақсатында әр түрлі мәселелелерімен жүгінген азаматтарды қабылдап, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сотпен құқықбұзушыға айыппұл салынды

18/10/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың тамыз айында Б. «Тойота-Хайлюкс» маркалы көлік құралын басқарып, Шаңырақ поселкесі Құлсары-Сарықамыс тас жолында орналасқан темір жол өткелі жанында жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, азамат У.-дың басқаруындағы «КИА Соренто» маркалы көлік құралына соқтығыс жасап, оған материалдық залал келтiрген.