Архив событий

19/10/2017

Атырауда "Сот жүйесінің үздік аудармашысы" байқауы өтті

19/10/2017

Атырау облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» байқауының облыстық туры өтті.

Байқауға қатысуға аймақ соттарының алты қызметкері ниет білдірді. Ереже бойынша байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші және екінші кезеңде қатысушылар хаттар мен сот актілерін аударса, үшінші кезеңде алдыңғы екі кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар сот отырысы хаттамаларынан үзінділерді қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше аударды.

Сотпен жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған жәбірленушінің туыстарына өтемақы өндірілді

19/10/2017

Талап қоюшы Ж. сотқа адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық және моральдық залалды жауапкер Т.-дан өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 29 қарашасында жауапкер Т. Атырау қаласында автөкөлікті басқарып, №2 қалалық емхананың тұсында талап қобшының жұбайы болып келетін азаматша А.-ны қағып кеткен. Нәтижесінде алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші қаза болған.

Атыраудың қылмыстық істер жөніндегі соты «Сот кабинеті» жаңашылдықтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

19/10/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  сот жүйесінің қолжетімділігін, ашықтығын нығайту мақсатында Атырау облыстық ІІД-ні, Атырау облыстық прокуратурасы, Атырау облыстық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен сот төрағасының м.а. Т.Нуримовамен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында «Сот кабинеті» сервисі арқылы құжаттарды жолдаудың әдістері түсіндірілді.

Экономикалық сот залынан

19/10/2017

Экономикалық сот «ТУ-ГУР» ЖШС-н банкрот деп таныды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қазақстан Республикасының қаржы  Министрлігінің  мемлекеттік  кірістер  Комитеті  Атырау  облысы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  Департаментінің Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің борышкер «ТУ-ГУР» ЖШС-н банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жылыой аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысты қорытындылады

19/10/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев аудандық «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Е.Қошақановтың қатысуымен ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылау  бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы соттар алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңдылықты сақтау және сот жұмысын одан әрі жетілдіру екендігін ерекше атап өтті.