Апостиль бойынша ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Апостиль қоюға төленетін мемлекеттік баж салығының деректемелері

Бенефициар (алушы) – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Бенефициардың БСН – 090440011223

Бюджеттік саралау коды (БСК) – 108125 «Республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баж» Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасында ратификацияланған, халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған ресми құжаттарға қоятын апостилге өндірілген мемлекеттік баж кіреді. 

Төлем атауы – апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы, КНП – 911.

Мемлекеттік баждың сомасы – 1531,5 теңге.


Ескерту:

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы АЕК-тің (3063 теңге) 50 пайызы мөлшерінде әр құжат үшін 1531,5 теңге алынады.

 

Құжаттарды қабылдау және беру кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден жұманы қоса есептегенде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Анықтама телефоны:  +7 (7122) 55 82 24

кабинет: 319

Жауапты маман: Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.А.Дабисова

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.