100 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігімен Х.А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі  қаралды.

Атырау-Орал тас жолында полиция аға сержанты М.М. «Ваз-21154» маркалы автокөлігінің тәуліктің жарық мезгілінде жақын жарық шамын қоспай келе жатырған жүргізуші А.И.-ді байқап тоқтатқан. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтыру кезінде автокөлікте отырған жолаушы Х.А. алкогольді мас күйінде автокөліктен шығып, полиция қызметкерінің заңды қойған талаптарына қасақана бағынбай, полиция аға сержантын былапыт сөздермен балағаттап, нысанды киіміне жабысып, жұлқылап жыртып тастаған.

Сот, сотталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін және бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескеріп, Х.А.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі