23 маусым – «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай сот қызметкері марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

23 маусым – «Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай  Қызылқоға ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  өткізілген салтанатты жиында мерекенің мән-маңызын насихаттаумен қатар, аудан көлемінде еселі еңбектерімен еленіп жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.

Осы рәсім барысында, аудандық сотта 2009 жылдан бері абыройлы еңбек етіп, жас болса да сот жүйесі жұмысының алға басуына өз үлесін қосып келе жатқан Қызылқоға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Бауыржанұлы Рақымжан Қызылқоға ауданы Әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сот қызметкеріне көрсетілген құрметке аудандық сот ұжымы ризашылығын білдіріп, әріптестің қуанышымен бөлісті.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі