6 тонна цистерна ұрлаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотталушы Р.Б. қатысты қылмыстық ісі  қаралды.

2016 жылдың желтоқсан айында Р.Б.бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Б.И.-дың Махамбет ауданы, Береке ауылында орналасқан үйінің ауласында тұрған сыйымдылығы 6-тонна болатын цистернаны жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден қашып кеткен. 

Басты сот талқылауында сотталушы Р.Б. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмысына өкінетіндігін, жәбірленушіге келтірген материалдық залалды толығымен өтегенін және жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандарын айтқан.

Сот, іс құжаттарын зерттеп, сотталушы Р.Б. мен жәбірленуші Б.И.-дың медиация жолымен татуласқандарын ескеріп, Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде аталған қылмыстық іс бойынша сот өндірісін қысқартты.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі