Алаяққа қатысты жазаның орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының № 2 сотында алаяқ Т.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.

Сотта анықталғандай, Т.А. мектеп бітіру кешін ұйымдастырып беремін деп уәде беріп, әр жәбірленушіден 55 000 теңге көлемінде ақша алған. Нәтижесінде 16 жәбірленушілерге зиян келтірген.

Сот отырысында сотталушы жәбірленушілермен татуласқанын, келтірілген залалдың орны толтырылғанын, жәбірленушілердің өзіне кешірім бергенін айтып, істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен Т.А.-ға қатысты іс ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігі негізінде тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Сонымен қатар, бір эпизод бойынша Т.А.-ға қатысты үкім шығарылды.

Т.А. жәбірленуші Ж.К.-ге аз қамтылған отбасы есебінде тұрғын үйді кезектен тыс алып беремін деп уәде беріп, өз қызметі үшін 1 181035 теңге көлемінде ақша талап еткен.

Сот үкімімен Т.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылып, түпкілікті меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Асырауында балаларының барын ескере отырып, сот негізгі жазаның орындалуын 3 жыл мерзімге кейінге қалдырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі