Алдын ала сот отырысында тараптар татуласу келісімін жасасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеке кәсіпкер «КОФЕКОМ» С.Сайдаков «Строй Монолит Сервис» ЖШС-нен 1 000 000 теңге өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Төрағалық етуші судьяның тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеуге құқығы бар екендігін және осындай әркеттер жасау салдарын түсіндіргеннен кейін, алдын ала сот отырсында тараптар татуласу келісімін жасасты. Келісім шарттары бойынша жауапкер  талап қоюшыға 2016 жылдың 30 маусымына дейін  1 100 000  теңге төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен тараптар арасындағы татуласу келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылды. Сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

Талап қоюшыға талап қою арызын сотқа беру үшін төленген 10 000 теңге мемлекеттік баж сомасы толықтай қайтарылды.

Татуласу келісімін оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі