Алғыс айту сөздері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азаматтардың атынан бірқатар Алғыс хаттар келіп түсті.

Хат авторы О.Ш. Атырау облыстық сотының судьялары Ж.Н.Мадьярова, Г.Ә.Қарабалина және Г.Ғ.Исамберлиеваға олардың тынымсыз еңбегі, әділдікті орнату, жоғары кәсіби деңгейі үшін зор алғысын білдірген.

Келесі хат авторы Ж.Бимурзин Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.А.Искаковаға істі объективті тұрғыда қарап, заңды шешім қабылдағаны үшін шексіз алғысын білдірген.

Үшінші хатта автор М.А.Тарабрина Атырау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы З.Г.Байназароваға және оның хатшысына қызметтегі объективтілігі, табандылығы және тәуелсіздігі, жоғары кәсіби біліктілігі үшін шынайы алғысын білдірген.  

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі