Анасы мен қызы сотта татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) азаматша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша М. үйінде ұрыс, жанжал шығарып, өзінің қызының ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі