Арақ ішудің ақыры қамаққа алумен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Н.Н. 2016 жылдың ақпан айында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылында «ВАЗ-21012» маркалы автокөлігін, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра басқарып келе жатып, ішкі істер полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, белгілінген тәртіпке сәйкес алкогольден масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Н.Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 9 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа  алу жазасы тағайындалды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі