Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен 2006 жылы туылған кәмелетке толмағанның анасы азаматша С.Ш.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқықбұзушының үнемі алкагольдік ішімдік ішіп кәмелетке толмаған қызының тәрбиесімен жетік айналыспайтыны, тәртібін қадағаламайтыны, баласының  денсаулығына көңіл бөлмейтіні анықталды, яғни кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін  орындамаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы  С.Ш.  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  әкімшілік жаза ретінде 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14 847 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі