Ата-анасының асырауына алимент өндіру татуласу келісімімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау қалалық сотымен талап қоюшы П.Т. қызы П.К.-ға өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Сотта талап қоюшы П.Т. қазіргі уақытта үшінші топтағы мүгедек екені (инсулинге тәуелді қант диабеті ), қосымша материалдық көмекке мұқтаж екені, қызы анасына ешқандай материалдық көмек көрсетпейтіні анықталды.

Сот отырысы барысында тараптар татуласу  келісімін бекітіп, келісімге сай жауапкер 10 сәуір 2016 жылдан бастап, талап қоюшыға 20 000 теңге көлемінде ай сайын 2018 жылдың тамыз айына дейін төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы өзінің талап арызынан бас тартады.  

Дауды бітімгершілік келісіммен шешу туралы келісімге келумен аяқталуына байланысты іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі