Атырау қалалық сотында сот орындаушылардың қатысуымен жұмыстық кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында «Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды электронды түрле ақпараттық жүйесімен жолдауда туындайтын мәселелер, атқарушылық құжаттардың негізсіз қайтарылуы» тақырыбында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 27 қаңтар 2017 жылғы тапсырмасы бойынша  жұмыстық кездесу ұйымдастырылды.

Аталған шарада   Атырау  қалалық сотының төрағасы А.Н.Ерманов,  қалалық сотының судьялары мен  Атырау облысы бойынша Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Р.Е.Кабиев, жеке сот орындаушылар А.Лукпанов, А.Мендалиева, А.Даулетьяров, Е.Сапыгалиев, Т.Жексенов, Атырау облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылар қатысуымен өтті.

Кездесудің мақсаты - сот актілерінің орындау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді өзара шешу болып табылады. Кездесуде сот актілерін жолдау, қабылдау барысында туындаған мәселелер талқыға салынды.

Шара соныңда сот төрағасы А.Н.Ерманов Атырау қалалық соты мен Атырау облысы бойынша Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған  меморандумның жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтып өтті.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі