Атырау қалалық сотында жедел мәжіліс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында сот мамандарымен жедел мәжіліс өткізілді. Жедел мәжілісті кеңсе меңгерушісі З.Хамидуллина жүргізді. Жедел мәжілісте сот кеңсесінде кіріс-шығыс қағаздардың тіркелуі, сот мұрағатының, азаматтық талдау бөлімінің, бас маман сот отырысы хатшысының жұмысының жүргізілуі  талқыланды.

Сонымен қатар, жедел мәжілісте кеңсе меңгерушісі бас маман сот отырыс хатшыларына дыбыс-бейне техникалық құралдарын барлық азаматтық істерге жүз пайызда сапалы түрде қолдану, оны CD-R дискіге көшіру, заңды күшіне енген азаматтық істерді CD-R дискімен қоса сот мұрағатына тапсыру қажеттілігін ескертті.

Жедел мәжілістің қорытындысы бойынша мамандар туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, сот кеңсесінде орын алған кемшіліктерді талқылап, олардың  шешілу жолдарын кеңінен талқылады.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі