Атырау облыстық сотында Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Атырау облысы әкімдігінің тілдерді дамыту Басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан халықтары тілдері күнін тойлауға арнаалған салтанатты шара өтті.

Облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов құттықтау сөзінде, 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі барлық Қазақстан халқына ортақ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы біздің елдің саясаты Қазақстан халқының және олардың этникалық-ұлттық болмысына қарамастан теңқұқылығын нығайтуға бағытталады.

Шараға қатысқан Атырау облысы әкімдігінің тілдерді дамыту Басқармасының өкілі Мейірбек Құйбышев, облыстың барлық судьялары корпусын аталмыш мерекемен құттықтап, мемлекеттік тілдің дамуына қосуда атқарып жатырған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Шара барысында соттардың судьялары мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Тіл-татулық тірегі» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды.

Шығармашылық байқау «Үздік сот актісі», «Үздік мақала» және «Үздік өлең» номинациялары бойынша өтті. Барлық қатысушылар шығармашылық қырларынан танылып, мемлекеттік тілді дамытудағы сот корпусының белсенділігі мен қызығушылығын жоғары дәрежеде көрсете білді.  

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер диплом және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі