Атырау облыстық сотының мәжіліс залында облыс соттары бойынша 2014 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған пленарлық отырыс болып өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 Жақында Атырау облыстық сотының мәжіліс залында облыс соттары бойынша 2014 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына арналған  пленарлық отырыс болып өтті.  Оның жұмысына облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық,қалалық ,аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе басшылары қатынасты.
         Алқалы жиынды облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов ашып, жыл басынан бергі  әділсот төрелігін жүзеге асырудағы, соттардың ырғақты жұмыс жасауын қамтамасыз етудегі атқарылған істерге жан-жақты  тоқталып өтті. Одан кейін Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы-Р.Хайруллин, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы- Ә.Шығамбаев, облыстық соттың кеңсе басшысының орынбасары-Н.Байтілесов, Облыстық соттың судьялары Т.Уәлиева,М.Черняховская,С.Бәйменовалар баяндама , хабарламалар жасады.
         Баяндамашылар мен жасырсөзге шыққандар өз сөздерінде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді, Қазақстан Республикасы судьялар Одағының кезекті съезінің шешімдерін басшылыққа ала отырып облыс тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі жақсартуға, сот ісінде жариялылыққа,  ашықтыққа кеңінен жол ашып, атап өтілген кемшіліктерден тиісті қорытынды шығару туралы жолдары туралы  өз ойларын ортаға салды.
        
         Пленарлық отырыста күн тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы қаулы қабылданды. Алқалы бас қосуды облыстық сот төрағасы М.Смағұлов қорытындылады.
 
                                                               
     Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы.                                                                     Боранбай ҒАЛИЕВ