Атырау облыстық сотының төрағасы әріптестерін Қазақстан Республикасының Астана күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облыстық сотының Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған салтанатты жиын өтті.

- Біздің республикамыздың елордасын әлемдегі қазақстандық бірінші инновацияның бірі деп айтуға болады. Астананы көшіру елдің дамуына мықты толқын беріп, аймақтардағы экономиканың өсуіне ерекше жасалған ықпал болды,- дейді Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов. Өз кезегінде төраға әріптестерін мемлекеттік мерекемен құттықтап бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек тіледі.

Жас та жаңа елорданың құрылу тарихы және еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт көсбасшысы Н.Назарбаевтың ойының осындай қарқындай жүзеге асырылуы туралы Атырау облыстық сотының бас маманы Қ.Орыспаев өз баяндамасында толық айтып өтті. Ол бұл мереке қоғамдық-саяси маңызға ие, әр Қазақстандық үшін жалпы ұлттық мереке екенін баса айтты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі