Атырау облыстық сотының ұжымы сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаевты салтанатты түрде шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Елбасының жарлығымен Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалған азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаевты салтанатты түрде шығарып салды.

Осындай шараға байланысты облыстық сотта облыс судьяларының қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты шара Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғановтың құттықтау сөзімен басталды. Ол Ә.Шығамбаевты шын жүректен жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның жұмыстағы жоғары кәсіби деңгейін, өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін, адами қасиеттерін ерекше атап, Атырау облыстық сотындағы жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.  

Сонымен қатар, құттықтау сөз алған әріптестер оның жақсы тұстарын айтып, естеліктермен бөлісіп, оның жаңа лауазымдағы жұмысына табыс тіледі.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі