Атырау облыстық сотының ұжымы судья Айгүл Калимукашеваны туған күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облыстық сотының судьясы Айгүл Калимукашеваны ұжымдастары туған күнімен шын жүректен құттықтады.

Оған мықты денсаулық, қажымас қайрат, ана және әйел бақытын тіледі.

Калимукашева Айгүл Демеуқызы 20 жылдан астам уақыт бойы, сот жүйесінің қазанында қайнап, сот төрелігін  абыроймен атқарып жүрген нәзік жандылардың бірі. 

Облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов оны өзінің өмірлік тәжірибесінен қуаттанған, бастамашыл, сот жүйесіндегі барлық өзгерістер мен жаңашылдықтарға белсене араласып жүретін тұлға екенін айтты.

 

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі