Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі соттардағы жұмыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша жиналыс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында бейне конференц байланыс жүйесі арқылы аудандық және оған теңестіріліген сотарының кеңсе меңгерушілерінің қатысуымен соттардағы статистикалық мәліметтердің сапалы жүргізілу, жаңа заңнамалық өзгерістер, жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Отырысқа Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Б.Жолдаспаева, бөлім басшылары мен қаладағы соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Жиында Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, бөлім басшылары мен бас мамандары соттардағы іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелерді алға тартты.

Өз сөзінде Б.Жолдаспаева пошталық корреспонденцияның жіберілу тәртібінің сақталуына, сот хабарамаларының уақытылы жіберілуіне, сот залдарында 100% бейне-дыбыс жазба қызметін пайдалуға, сот қызметкерлерімен еңбек және  орындаушылық тәртіптің сақталуына назар аударды.

Қорытындылай келе Б.Жолдаспаева кеңсе меңгерушілеріне соттардағы іс құжаттарын жүргізу тәртібін қатаң сақтап, тапсырмалар мен есептерді уақытылы және сапалы орындауды, соттарда ақпараттық технологиялардың кеңінен қолдануға тапсырма берді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі