Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;     

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

          С-R-4 санаты үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 тамызда № 14129 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112430

С-R-4

73288

99106

 

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі, 060009, Атырау қаласы, Қ.Сатпаев даңғылы, 62, анықтама телефоны 8 (7122) 55-82-23, 55-82-14, e-mail: 712-0202@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Атырау облысы бойынша Соттар әкішісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі:

 

1. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкерлердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне –24.05.2018 жылға дейін).

Функционалды міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; сот актілерінің көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

 

2. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маман-ақпараттық технологиялар бойынша маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Ақпараттық жүйелерді енгізуді және пайдалануды қамтамасыз ету; ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды және деректермен алмасуды қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелерге (БААТЖ) әкімшілік ету және резервтік көшіру жұмыстарын қамтамасыз ету; серверлер мен жергілікті-есептеу тораптарына жүйелік әкімшілік ету және техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау; электрондық цифрлық қолтаңбаларды орнатуды және қолданылуын қамтамасыз ету; облыстық соттың сайтын қамтамасыз етеді және бақылау; «техникалық барлауға қарсы іс-қимыл және ақпаратты техникалық қорғау» және «құпия іс жүргізу» бағыттары бойынша қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық, техникалық, автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша жоғары білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

 

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

 

3. Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, C-R-4 санаты, 4 бірлік: Атырау қалалық соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне –30.09.2017 жылға дейін); Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесі – 1 бірлік; Индер аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік; Жылыой аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне –09.01.2018 жылға дейін).

 

Функционалдық міндеттері: қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу; орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды электрондық пошта адресіне 712-0202@sud.kz  немесе «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде берулеріне болады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде берген азаматтар әңгімелесу басталғанына дейін бір  жұмыс күн бұрын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау облыстық сотында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.