Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
С-R-4 санаты үшін:Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі,жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді.
 
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
 
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-R-4 73288 99106
 
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі, 060009, Атырау қаласы, Қ.Сатпаев даңғылы, 62, анықтама телефоны 8 (7122) 55-82-23, 55-82-14, e-mail: 712-0202@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Атырау облысы бойынша Соттар әкішісінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
 
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
 
1. Бас маман,  C-R-4 санаты, 3 бірлік: Атырау қалалық соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне – 06.04.2020  жылға дейін); Атырау қаласы №2 соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне – 17.10.2017  жылға дейін); Махамбет аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Келіп түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алу және тіркеу, оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот практикасын талдауға қатысу; соттың жедел кеңесін дайындау, хаттамасын жүргізу; жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; республиканың басқа соттарының және халықаралық келісімдерге сәйкес  келіп түскен шет мемлекеттердің сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізу; сот төрағасы жүзеге асыратын азаматтар қабылдауын тіркеу және есепке алу; қылмыстық, азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдар бойынша іс қағаздарын жүргізу; қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдарды есепке алу және сақтау; нарядтарды, журналдарды, карточкаларды, әліпбилік нұсқауларды жүргізу; істерді сот кеңсесіне уақытында тапсырылуын және істердің апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге жоғары тұрған сотқа жіберілуін бақылау; істерді жіберу туралы жоғары тұрған соттардың сұрауларын уақытында орындау; сот үкімдерін, шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын орындау бойынша құжаттарды дайындау; заттай дәлелдемелерді тіркеу, есепке алу; аяқталған істерді, журналдар мен карточкаларды дайындау және мұрағатқа тапсыру; сот төрағасының, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
 
2. Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, C-R-4 санаты, 2 бірлік: Атырау қаласы №2 соты кеңсесі – 1 бірлік; Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 01.03.2018 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Судьяның сот талқылауына істі дайындау кезінде қажетті жұмыстарды орындау (сұрау салуларды, хаттарды, соттың шақыру қағаздарының көшірмелерін дайындау және т.б.); процеске қатысушыларды және куәларды шақыру; істерді қараудың апта сайынғы кестесін жасау және оны сот кеңсесіне беру; сот отырысына келген адамдардың келуін тексеру және олардың шақыру қағаздарына сотта болу уақытын белгілеу; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; оның толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілік көтеру; алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін қылмыстық істерді ресімдеу, оларды қарағаннан кейін азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді ресімдеу; процеске қатысушыларға  заңда белгіленген мерзімдерде тапсыруға жататын сот актілерінің көшірмелерін (шешімдерін, үкімдерін, қаулыларын) тарату немесе беру; процеске қатысушыларға және тараптарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарсылық беруге құқығын түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтың көшірмелерін жіберу және хабарлау;үкімдерді, шешімдерді, сот бұйрықтары мен сот қаулыларын орындауға жолдау; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жіберу;процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сотта істің тыңдалатын күні туралы хабарлау; сот істерін белгіленген мерзімдерде сот кеңсесіне тапсыру; сот төрағасының, судьялардың, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды қолма-қол тәртіпте, электрондық пошта адресіне 712-0703@sud.kz  не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берулеріне болады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде берген азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау облыстық сотында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
 Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны:
 
_________________________________
_________________________________
_________________________________
(мемлекеттік орган)    
      
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. 
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізуқағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:_____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      
 
________                                      ____________________________________
       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
     
 
 "___"_______________ 20 __ ж.