Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экономикалық тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың, сот мамандарының және «Дана Жол» қолданбалы экономикалық орталығы өкілінің қатысуымен «Қазақстанның экономикалық даму моделі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренинг барысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейіңгі экономикалық жағдайымыз қалай болғаны жөнінде, Қазақстан экономикасын дамыту жолдары, біздің табиғи ресурстарымыз кімдерге тиесілі, мұнайдан түскен табыс пен шетелдіктерге төленген дивиденттер көлімі, сондай ақ оның бюджетімізде алатын орны туралы түсініктемелер берілді.

Семинар соңында қатысушылар осындай тренингтің маңыздылығын туралы айтып, осы тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі