Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының қызметкерлері шараға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының бас маманы Б.Абдуалиева Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты орталық кітапхананың оқу залында «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті әлеуметтік құбылыс» тақырыбында өткізілген кездесуге қатысты.

Аталған шараға Қызылқоға аудандық сотының және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірге гимназия мектебінің оқушылары мен ұстаздары да қатысты.

Кездесуде сот және АІІБ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заң талаптарының сақталуы, профилактика шаралары және аталған тақырыпты насихаттау маңыздылығы бойынша түсінік берілді.

Шараға қатысушылар Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына тоқталып, ондағы бес негізгі басымдылықтың бірі қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты екені, оның себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігі екенін талқылады.

Шара соңында оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар кездесу тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыс жүргізуге қатысушыларға алғыс білдіріп, естелік фотосуреттер түсірілді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі