Атырау облысының Махамбет аудандық сотында дауды сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіби емес медиатордың, прокурор мен адвокаттың қатысуымен дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел бойынша төрағалық етуші судья А.Досмагамбетова жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтіп, медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулар санаттарына баса назар аударды. Сонымен қатар арыздардың, талап-тілектің және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің үлгілерімен таныстырып өтті.

Шара барысында даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейнгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы жан-жақты талқыланды.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі