Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы, судьясы, кеңсе меңгерушісінің және “Болашақ-К” МЕМ қоғамдық қор өкілі И.Г.Хигайдың, "Былина" орыс мәдени-ұлттық орталығы" қоғамдықбірлестік өкілі А.А.Кораблевтің қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел: «Сот кабинеті», «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру», «Мемлекеттік сатып алуға қатысты даулар»тақырыбында өтті.

Аталған тақырып бойынша сот төрағасы Р.Жансықбаев, судья А.Саудабаев, кеңсе меңгерушісі Н.Архабаев өздерінің баяндамаларында пилоттық жобаның мазмұнын ашып; мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арыздарды сотқа табыстау тәртібі мен мерзімін талқылап; сот кабинетін қолдану уақыт үнемдеуі мен ыңғайлылығын хабарлады.

Мемлекеттік емес мекемелер өкілдері өздерінің сұрақтарына тиісті жауаптар алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Дөңгелек үстел барлық қатысушыларға ақпаратты өтті. 

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі