Атырау облысының соттары көктем мен жаңару мерекесін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Шығыс халықтарына ортақ үлкен бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналатын «Наурыз» мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

Сот төрағасы Ж.Жақсылық «Наурыз» мересі халықтар достығының үлкен мерекесі екенін, Көктемнің табиғат ананың жаңару мен жанддану маусымы екенін атап айтып, сот қызметкерінің жұмыстарына табыс, отбастарына денсаулық пен бақыт тіледі.

Мереке соңы мамандардың дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Бұдан басқа бүгін Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Кадыргалиев мемлекеттік – Наурыз  мерекесі күніне  арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға соттың судьялары мен сот мамандары және техникалық қызметкерлері  қатысты.

Сот төрағасы Б.Кадыргалиев шын жүректен Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін сөйлеп, келген көктем мерекесінің терең мәні туралы айтып өтті. Өз сөзінде мемлекетіміздің алға  сенімді қадам басып, биіктен көріне беруін тілеп, сонымен қатар  шын жүректен сот ұжымына  мықты денсаулық, отбасылық құт-береке, бақыт тіледі!

Салтанатты жиын  концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бұл күні Қызылқоға аудандық сотының ұжымы аудан ақсақалдары мен ардагерлеріне құрмет көрсетті. Мерекеге орай оларға концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылды.

Сот қызметкерлерімен ұлттық салт дәстүрдің бірі «Тұсау кесер» туралы көрініс қойылды.

Мерекеге орай ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ Жылыой аудандық сотында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны сот төрағасының м.а. Б.Дюсебалиева ашып, барлық қатысушыларды киелі Наурыз мейрамымен құттықтап, Наурыз бүгінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың, бірлік пен берекенің көрінісі екенін атап өтті.

Қазақтың ұлттық киімін киген судьялар мен сот қызметкерлері  қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі