Атырау тұрғыны заңсыз букмекерлік кеңсе ашқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Айыптау актісінде көрсетілгендей, азаматша А.-да салық органына тіркелмей және тиісінше лиценциясыз букмекерлік контора түріндегі ойын ғимаратын ұйымдастыру арқылы таза табыс табуға бағытталған қылмыстық ой пайда болған.

Кейін букмекерлік контораны ұйымдастыру мақсатында А. қажетті құрылғыларды сатып алып, қаланың бірнеше ғимараттарына орналастырады. Сөйтіп ол заңсыз ойын бизнесі саласындағы қызметті ашып, ұйымдастырған.

Сот отырысы барысында соталушы А. және оның қорғаушысы прокурормен процессуалдық келісім жасақтауға ерікті түрде ниет білдіретіндерін көрсеткен.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі