Атырауда абайсызда мүгедекті өлтіріп алған халық емшісі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен сотталушы О.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жәбірленушінің ұлы С.В. халық емшісі О.Н.-мен телефон арқылы сөйлесіп, өзінің полиартрит ауруына байланысты 13 жыл бойы төсек тартып ауыратын 2 топтағы мүгедек анасы Б.Б.-ны емге апаруға келіскен.Емдеу кезінде емші науқастың сырқат аяқтарын күштеп созып, қолымен тізесін басқан. Ем кезінде жәбірленуші айқайлап, өзін нашар сезініп, есеңгіреп қалады. Сөйтіп жедел жәрдем шақыртуға тура келген. Нәтижесінде, ол аудандық емханада травматикалық шоктың әсерінен қайтыс болған.

Сот отырысы барысында сотталушы О.Н. және оның қорғаушысы мен аудан прокурорымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталды.

Сот үкімімен О.Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және сараптама шығындары өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар