Атырауда гастербайтерлерді бопсалаған полиция қызметкерлері сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 соты Атырау қаласы ішкі істер басқармасының екі бірдей полицейіне қатысты қылмыстық істі қарады.

Тергеу дерегіне сәйкес, олар 2015 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласында жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарын ұстап, өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, оларды қорқытып ақшалары мен ұялы телефондарын ашық тонаған.

Сөйтіп, олар бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан  800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып алған.

Сот үкімімен сотталушылар Н.Ф. мен Б.Р. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191- бабының 2- бөлігінің 2), 3)- тармақтарымен, 190- бабының 3-бөлігінің 2)- тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі