Атырауда қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қараудағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырауда қылмыстық істерді алқабилердің қатысуымен қараудағы  өзекті мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға облыстық соттың және Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, Атырау облысы әкімі аппаратының, прокуратура, ІІД және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын ашқан Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уалиева репсубликаның сот жүйесі үшін алқабилер институтының маңыздылығын атап өтті. «Біздің мемлекетіміздің құқықтық саясаты алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді арттыруға бағытталған. Бұл ретте қызығушылық танытқан тараптардың үйлестірілген және адал жұмысы біздің еліміздегі алқабилер институтын тиісті деңгейге көтере алады» - деп атап көрсетті Т.Уалиева.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Даулетова өз баяндамасында көптеген азаматтар алқаби болудың маңыздылығы мен жауапкершілігіне дұрыс мән бермейтінін атап көрсетті.

«Жергілікті атқарушы орган алқабилердің біріңғай құрамына кірген адамдарға олардың алқаби болып табылатыны туралы ескертуі керек.  Негізінен барлығы бір айдың ішінде осындай хабарламаны алулары керек. Бірақ, өкінішке орай, бұл барлық жағдайда орындалмайды, сондықтан адамдар кейде өздерінің алқабилердің құрамында екенін білмей де қалады. Бұл жергілікті билік органдарының кемшілігі. Егер сіз алқаби болсаңыз, сотқа келуге міндеттісіз. Алайда біздің азаматтар хабарламаны алып алып, келмей де қалады» - дейді Г.Даулетова.

Сонымен қатар, алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша сот тәжірибесі туралы және алқабилерге кандидаттардың тізімі бойынша нақты ақпаратты ұсыну бойынша жүргізілетін шаралар жөнінде қылмыстық соттың судьясы және облыс әкімі аппаратының, ІІД-нің және адвокатура өкілдері баяндамалар жасады.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылармен белгілі мәселелерді, алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша құқық қолдану тәжірибесін шешу жолдары белгіленді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі