Атырауда мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған күдіктілер құрықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы  Атырау қаласының тұрғыны К. мен Н-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу дерегінше, олар ірі мөлшерде мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз иемдену, сақтау болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін жасаған үшін күдіктенуде.

Аталған іс бойынша К-ге Қазақстан Республикасының ҚК-нің 197-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі