Атырауда Өзбекстандық ерлі-зайыптылардың ішімдік ішуі қайғымен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өзбекстан Республикасынан Атырау қаласына табыс табу үшін келген  Р.О. өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі Өзбекстан Республиксының азамашасы У.А. - мен бірге ішімдік ішіп, оның әйел адам бола тұра көп мөлшерде ішкенін сылтау қылып, аяусыз ұрған. Алынған ауыр дене жарақаттары салдарынан У.А. оқиға орнында көз жұмған.

Сот отырысында сотталушы Р.О. және оның қорғаушысы процестік келісім жасақтауға ниет білдірген.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Р.О. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 55-бабы қолданылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі