Атырауда полиция қызметкері пара алу кезінде құрықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен сотталушы А.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде аудандық ішкі істер бөлімінің ТБ-нің аға тергеушісі А.Б. жәбірленуші Н.А.-дан 30 000 теңге ақша қаражатын пара ретінде алып жатқанда ұсталған.

Индер аудандық ІІБ-нің ТБ-нің аға тергеушісі А.Б. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға бола тұра, пайдакүнемдік пиғылмен, тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатында Н.А.-тен жеке өзіне жалпы соммасы 60 000 теңге ақша  қаражатын заңсыз жолмен пара ретінде алып, қылмыстық ойын соңына дейін жеткізген.

Сот сотталушы А.Б.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен айыппұл жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі