Атырауда сот перзентхана қызметкерін күзетпен ұстауға санкция берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 соты облыстық перзатханада жаңа туған нәрестені сатпақ болған перзентхана қызметкеріне қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу дерегіне сәйкес, баланы тауып, оны шығару қағаздарын дайындап беру үшін күдікті 2500 АҚШ доллар  кепілақысын алған.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын перзентхана қызметкері сатып алушыға жаңа туған сәбиді беріп, қалған 2500 АҚШ доллары соммасындағы ақшаны алып жатырған кезде құрықталған болатын.

Тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті екі ай мерзімге тергеу изоляторына тоғытылды.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі