Атырауда тиым салынған діни бірлестік қатысушылары сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен 3 еркек және бір әйел адам терроризмді үгіттегені үшін сотталды.

Сотта Б.А., К.А., А.Э., М.А.-ның діни бірлестік қызметіне, атап айтқанда, оған қатысты экстремизмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тиым салу туралы күшіне енген заң шешімі шыққан «Ат-Такфир уаль-Хиджра» халықаралық эстремистік мекемесі қызметіне қатысып, телекоммуникация желісін пайдаланумен көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында сақтау жолымен терроризмді үгіттегені анықталды.

Сот үкімімен сотталушылар Қазақстан Республикасының ҚК-нің 256 бабының 2 бөлігімен, 405 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылды. Аталған баптар бойынша оларға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Қайнар: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі