Атыраулық судьялардың өмір жолы «Отызында орда бұзғандар» атты ақпараттық – анықтамалық энциклопедияда жарық көрді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Сарайшық МЕДИА» баспаханасы көп жылдар бойы республиканың әр өңірінде жаста болса да үлкен лауазымдарды атқарып, елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар ханымдар мен мырзалардың өміржолдары баяндалған ақпараттық – анықтамалық энциклопеденияны жарыққа шығарды.

Кітап өз атына сай нағыз отызында орда бұзған азаматтар мен азаматшалардың үлгілі өмірі туралы сыр шертеді.

Жинақтың Атырау облысына арналған сериясына енгендердің қатарында, Атырау облысы судьялар корпусының бірқатар судьялары бар. Олар, әкімшілік сот судьясы Самал Абуғалиева, №2 қалалық соттың судьялары Дәуренбек Даумов, Бақтыгүл Дүйсебалиева,Гаухар Ибрашева, Қызылқоға аудандық сотының төрағасы Айтжан Досмағамбетова, ювеналдық сот судьясы Нағима Искакова, Исатай аудандық сотының төрағасы Алтыншаш Мағзомова, экономикалық сот судьясы Ильяс Садбан, қалалық сот судьясы Зухра Тыпылова.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі