Аудандық соттың судьясы семинар-тренинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының Жылыой аудандық сотының судьясы Ж.Аятов «Нұр Отан» партиясы ғимаратында үкіметтік емес ұйым мүшелерімен «Дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасын жүзеге асыру», сонымен қатар татуласу рәсімдері бойынша, оның ішінде медиацияның қызметі туралы кеңінен түсіндіру туралы семинар-тренинг өткізді.

Шараға Жылыой ауданының «Аналар кеңесі» мүшелері, «Қоғамдық кеңес», «ҚР Ардагерлер  ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалы» мүшелері және Атврау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық кеңес» сарапшысы қатысты.

Семинар-тренинг барысында судья Ж.Аятов «Дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пилоттық жобасын жүзеге асыру», сонымен қатар татуласу рәсімдері бойынша, оның ішінде медиацияның қызметі туралы кеңінен түсіндіру туралы тақырыбында сөз сөйлеп,  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар-тренингтің қорытынды бөлімінде судья қатысушыларға халық арасында медиацияның қолданылуын кеңінен насихаттауға шақырды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі