Автокөлікті масаң күйде басқарған жүргізуші қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат К. 2020 жылдың 19 мамырында Нарын селосында «ВАЗ 210930» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Құқық бұзушының алкогольдік масаң күйінде болғаны медициналық  куәландыру қорытындысымен расталды.

Сот отырысында құқық бұзушы  өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы  қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі