Азаматтық іс соттылығы бойынша жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің «Тенгизшевройл» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 167 278 899 теңге өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 28-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды және шешеді.

Осыған орай, сот ұйғарымымен "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің «Тенгизшевройл» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 167 278 899 теңге өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс соттылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жіберілді.

Қайнар: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі