Банктерге қарыз және коммуналдық қызмет түрлеріне төлем жөнінде туындайтын дауларды қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану бойынша дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының Жылыой  аудандық соты  «Банктерге  қарыз және коммуналдық қызмет түрлеріне төлем жөнінде туындайтын дауларды  қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.     

Шараға татуластыру рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятов, «Жылыой Газ» АҚ-ы, «Казкоммерцбанк» АҚ-ы, «Каспий Банк» АҚ-ы, «Атырау Жарық» АҚ-ы филиалдарының өкілдері қатысты.  

Шара барысында банктерге қарыз және коммуналдық қызметке төлем ақы жөнінде туындайтын дауларды қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану туралы дауларды қарауда медиация рәсімдерін қолданудағы сот тәжірибесі тақырыбындағы мәселені талқылады.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы республика бойынша медиация рәсімдерінің тәжірибеде кең қолданып жатқанын атап өтті. Медиация  рәсімдерін қолдану арқылы қарыздарды өндіру туралы дауларды сотқа дейін тәртіпте татуластыру жолымен шешуге деген ниеттерін жеткізді.

Қатысушылар алдағы уақытта аталған мәселе бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендерін айтып, дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қойған міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйғарымдар шығарды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі